Компания туралы
Алғашреттауарбелгісі Қазақстан нарығында 2011 жылыұсынылды, онда «Акжан» ЖК негізінде Астана қ. жиһаз өндірісі ұйымдастырылды.
Компанияның өсуіне байланысты «Акжан» жиһаз өндірісі» сауда белгісін тіркеумен «DD 21» ЖШС-не қайта құрылды.
Қазіргі уақытта құрамына төмендегі кәсіпорындар енетін «Акжан» сауда белгісімен жиһаз өндіру бойынша компаниялар тобы болып табыламыз:
- «DD21» ЖШС - сыртқы саясатқа, үйлестіру, инвестициялық, ақшалай-несиелеу және корпоративтік клиенттермен өзара әрекет етуіне жауап береді;
- «DD21 Akmol» ЖШС - Ақмола облысы Целиноград ауданында тіркелді, топтың негізгі қызметі - корпоративтік клиенттер үшін «Акжан» сауда белгісімен жиһаз өндіруді жүзеге асырады;
- Қарағанды қ. «DD21» ЖШС - жеке тапсырыстар секторы үшін жиһаз өндіру бойынша өндірістік базасы;
- «Акжан» ЖК - жеке тапсырыстар секторы үшін жиһаз жасау бойынша Астана қ. өндірістік базасы.
Жеке тапсырыстардың сапалы жиһаздағы нарық сұраныстарын ескере отырып, компания 2013 жылы Қазақстан астанасы – Астана қаласының орталығында көрме залын жасаумен сауда алаңын ашты.
Жұмыстың барлық циклін ұйымдастыру – өндірістен бастап сатуға дейін нарық сұранысына және түрлі тұтынушылық талаптарға икемді жауап беруге көмектеседі.
Өз жеке тәжірибесін пайдалана отырып, сондай-ақ «Даму» КДҚ тарапынан сапа менеджментін арттыру, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар саласында компания қызметкерлерін оқытуын ұйымдастыру бойынша мемлекет қолдауымен компания зор жетістіктерге жетті:
- 2013 жылы компания Қазақстанның 100 үздік жиһаз компаниялар қатарына енді;
- 2014 жылы компания «Астана қаласыныңүздіктауары» аттыбайқауына қатысты, сондай-ақ «Қазақстан аймақтарының алтын қоры» сыйлық лауреаты болып атанды;
- 2015 жылы компания «Астана қаласының үздік тауары»атты байқауының «2015 жылдың тұрғындар үшін үздік тауары»номинациясында жеңімпаз атанып, Қазақстанның 20 үздік жиһаз компаниялар қатарына енді;
- 2016 жылы «Қазақстанда шығарылды» және «Ұлы дала елі» байқауларының, сондай-ақ Астана қ. өткен өңірлік байқауының «Қазақстанның үздік тауары» атты номинациясында жеңімпаз болып атанды.
Компанияда ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджменті, ҚР СТ ИСО 14001-2006 экологиялық менеджменті және ҚР СТ OHSAS 18001-2008 кәсіптік қауіпсіздігі мен денсаулық менеджмент жүйелері енгізілді, тиісті сертификаттар алынды.
Біздің өнім отандық өндіруші және қызметтерді жеткізуші ретінде КЗ СТ сертификаттауынан өтті.
Компаниямыз «Самұрык-Қазына» ҰӘҚ» АҚ отандық өндірушілері мен әлеуетті жеткізушілерінің тізімдемесіне енді.
Қызмет барысында отандық компаниялар – ҚР жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындар қауымдастығының мүшелерімен және Hettich, Blum, Egger шетелдік компаниялар өкілеттеліктерімен тұрақты өндірістік байланыстары орнатылды..
Біздің мақсатты аудиториямыз В2В және В2С:
Қазіргі уақытта компания Қазақстанның барлық аймақтарына корпоративтік тапсырыстар бойынша жұмсақ және корпусты жиһаз жеткізуді жүзеге асырады. Тапсырыс берушілеріміз коммерциялық мекемелер мен ҚР әлеуетті құрылымдарының орталық аппараттары, министрліктер, «Самұрық-Қазына» Холдингінің кәсіпорындары, «Нұр Отан» партиясының ұлттық кеңсесі және ҚР Президенттің істерін басқару ауруханасы болып табылады.
2017 жылдың басынан Астана қ. темір жол вокзалы бойынша «Астана EXPO -2017» Ұлттық компания АҚ және ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетімен жасалған шарттар шеңберінде жиһаздармен жабдықтау бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар компания жеке тапсырыстар секторын дамытып келеді. Жекеменшік секторы арасында компания беделі екпінді қарқынымен артуда, әсіресе тапсырыстар астананың солтүстік жағалауындағы құрылып жатқан үйлерінен келіп түсуде. Бүгінде біздің өніммен Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларының көптеген пәтерлер пайдаланып отыр.
Бәсекелестер алдындағы басымдылықтарымыз:
«АКЖАН» жиһаз өндірісі» парк жабдығын жаңғыртуы және «GRIGGIO» (Италия), «Biesse Group» (Италия), «Homag Group» (Германия), HOLZ-HER GmbH (Германия), COIMA (Италия) технологияларын пайдала отырып, оныңқайта жабдықтауы жүргізілуде:
- кәсіпорнымыздың өнім сапасы деңгейін шетелдік өндірушілер деңгейіне жеткізеді;
- негізгі импорттық ойыншыларына қатысты сапасы-бағасына сәйкестігіне құнын төмендетеді;
- өнімділікті арттырады (кең сұранысты қанағаттандыру үшін).
Аталған нәтижелер қосындысы өніміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетелдік өндірушілерден нарығымыздың бөлігін қайтаруға мүмкіндік береді.
Жетістігіміздің бес құрайшысы:1. Заманауи техникалық құрал-жабдықтарын пайдалану. ВКомпаниямызда жасалатын жиһаздың тозу беріктілігіне және эргономикасына ерекше назар аударылады. Жиһазды шығару үшін таяу және алыс шетелдерінің жетекші өндірушілерінен білдектерін қолданамыз. Өндірілетін жиһаз сапасын болашақта жетілдіру үшін одан да жоғары класты «GRIGGIO» (Италия), «Biesse Group» (Италия), «Homag Group» (Германия), HOLZ-HER GmbH (Германия), COIMA (Италия) сияқты неміс және итальяндық кәсіби білдектер өндірушілерінен құрал-жабдықтарды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.
2. Тәжірибелі сертификатталған қызметкерлердің болуы. Қазіргі уақытта мамандарымыз«GRIGGIO» итальяндық серіктесіміздің кәсіпорындарында тәлімдемеден өтуде. Сапа шығыны мен тоқтап қалу тәуекелдерін барынша азайту мақсатында «Biesse» құрал-жабдықтар жеткізушілеріменмамандарымыз оның жабдықтарында жұмыс жасау дағдыларына оқытуды ұйымдастыру туралы келісімге жеткізілді.
Біз тек бүгінгі күнді ғана емес, сондай-ақ болашағымызды ойлаймыз – ағымдағы жылдың басында өндіріс жүйесін автоматтау, өнім сапасын жақсарту және компания қызметкерлерінің кәсіптік дағдыларын арттыру бойынша өндірістік қызметіне болашақта тарту үшін Қазақстанның жетекші институттарымен және колледждерімен «АКЖАН» жиһаз өндірісі» өндірістік базасында студенттердіңтәжірибеден өту туралы шарттарын жасастық.
3. Отандық және әлемдік жетекші тауар өндірушілерімен ұсынылған сапалы материалдарды пайдалану. Өніміздің сапасы жақсы, шетелдіктерден қарағанда тым артығырақ. Біздің баға да әділ, алайда біз сапасын да, дайындау мерзімдерін де түсірмейміз. Әр өнімге компания 18 ай сапа кепілдігін береді.
4. Әр тапсырыс беруші үшін икемді бағалық саясаты отбасы бюджеті үшін қолайлы бағаға сатып алуға көмек береді. Тапсырыс берушіге бюджетінің мүмкіндігіне сүйене отырып, өнім түрін таңдауға көмек береміз.
5. Тапсырыс берушінің жобалау, дайындау және орнату сатысында барлық тілектерін ескеруіміз біздің кәсіпқой мамандарымыздың қолдауымен интерьердің қосымша авторы болуға мүмкіндік береді. Біз тапсырыс берушінің мүмкіндіктеріне сәйкес жиһазды таңдап беруге көмектесеміз. Біз жан-жақты талдаудан кейін кез келген тапсырысты орындай аламыз, сондай-ақталғампаз тапсырыс берушінің сұранысын қанағаттандыра ала аламыз деген қорытындыға келдік.
Сертификаттау
ф.СТ-KZ Тауардың шығу тегі жөніндегі сертификаты
«Кәсіптік қауіпсіздігі мен денсаулық менеджмент жүйесі. Талаптар.» ҚРСТ OHSAS 18001-2008 талаптарына сәйкестік сертификаты
«Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша талаптары мен басшылық ету» ҚРСТ ИСО 14001-2006 талаптарына сәйкестік сертификаты
«Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар.» ҚРСТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкестік сертификаты
Бейнеблок
Жетістіктеріміз
2013 жыл – компания Қазақстанның 100 үздік жиһаз компаниялар қатарына енді
2014 жыл – компания «Қазақстан аймақтарының алтын қоры» сыйлық лауреаты болып атанды
2015 жыл – компания «Астана қаласының үздік тауары» атты байқауында «2015 жылдың тұрғындар үшін үздік тауары» номинациясында жеңімпаз атанып, Қазақстанның 20 үздік жиһаз компаниялар қатарына енді
Командамыз
Ибраева Шынар
Ибраева Шынар
Жасампаз жетекші жаңа идеяларды жандандырып, компанияның болашақта даму бағыттарын талдауды қамтиды!
Ануар Алимбеков
Ануар Алимбеков
Корпоративтік сату арнасын дамытып, сұрыптамаларымызды ілгері жылжытады және коммерциялық ұсыныстар әзірлейді.
Азимбек Турганалиев
Азимбек Турганалиев
Ол Сіздер үшін ең ыңғайлы және үнемді жиһазды құрастырады, ал жұмыс нәтижесі Сізді сөзсіз қуантады!
Біздің байланыстар
Мекенжай:
Қазақстан Республикасы,
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы,
Коши ауылында,
Республика көшесі, 2B
Телефондар:
+7(7165)-14-50-03
+7(7165)-14-50-04
+7(771)-050-84-06
+7(702)-955-62-71