1. Компанияларыңыз бес жылға жуық қызмет етуде. Өткен күндерге күз жүгіртетін болсаңыз, орындалған жұмысыңызға ризасыз ба? Барлығы дұрыс жасалды ма? Немен мақтанасыз?
Иә, биылғы жылдың 30 мамыр күні компаниямыздың бес жылдық мерейтойын атап өтудеміз және сол кезеңде жасалған жұмыс қорытындыларын да келтіруге болады. Осы күнге дейін біз тіршілік етудеміз, бұған қалай риза болмайсың. Статистика қатал дүние – 10 компаниядан 7-уі бірінші бес жылдықта құлдырай бастайды, ал біз құлдырамақ түгіл белгілі жетістіктерге де жетіп, одан әрі ілгері дамудамыз. Ол үшін компанияның барлық қызметкерлері аса үлкен жұмыс жасады.
Сондықтан, осы кезеңдегі басты жетістігіміз корпоративтік секторында және жеке тапсырыстар секторында «Акжан» жиһаз өндірісі» брендін танымал еткен кәсіпқойлардың берік командасының құрылғаны деп санаймын. Оны мойындау дәлелі ретінде, біз 2015 жылы Астана қаласында «Қазақстанның халқы үшін үздік тауары» номинациясы бойынша байқауының, сондай-ақ басқа да профильдік қазақстандық көрмелерінің лауреаты болып атандық.
Біз үшін тағы бір маңызды оқиға – ол ҚР жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығына ену. Бұл тұтас сала шеңберінде кәсіпорнымызды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер берді, біздің командамыздың мықты жақтарын анықтауға көмегін тигізді, оның нәтижесі – бүгінде біз ЭКСПО-2017, Астана қаласындағы жаңа вокзал құрылысы сияқты маңызды жобаларында Отандық жиһаздық тауар өндірушілер бірлестігінің көшбасшысы-әріптесі болып таңдалдық.
2. Сіздің ойынша, сатып алушыларыңыз неліктен сіздерді таңдайды? Жетістігіңіздің құпиясы неде?
Тапсырыс берушіге қатысты компанияның бірыңғай философиясы мақсатқа жетудегі реттілігі және энергетикасы – міне, осылар жетістіктің кепілі. Егер бұрын уақытымыздың 80% жаңа клиентер іздеуге жұмсасақ, қазіргі уақытта тұрақты клиенттердің мінездемелеріне сәйкес тапсырыс беру сұранысы апта сайын 2-3 сатып алушыға өсіп келеді. Сонымен қатар, біз тұрақты түрде өніміздің жаңа тұтынушыларына барынша назар аударуға тырысамыз, алайды тұрақты серіктестірімізді де ұмытпаймыз.
Осы салада біз үшін үлгі болатын Ұлыбританияда жүргізілетінMetroBank саясаты. Бұл алғашқы 180 жылдағы бөлшек сауда банкі, ол 1830 жылы Лондонның банктік секторы нарығында пайда болып, күн астында өз орнын жеңіспен алды. Банк саясатының негізгі ұстанымы жаңа тұтынушылық тәжірибе жасау, ол арқылы қаржы институты клиенттер үшін ыңғайлы барынша көп қызмет көрсетулерін ұсынады. Сол сияқты, бізде кірістірілетін техниканы немесе оның бөлшектерін монтаждау үшін немесе пәтерде жөндеу жүргізу үшін клиентке сантехник немесе электрик іздеу қажет емес. Біздің қызметкерлеріміз клиетке өз нарығында ұзақ тәжірибесі бар сертификатталған компаниялар тізімін қуана ұсынады. Жиһаз жасаушы жиһаз өндіру, сантехник сантехниканы жасау қажет, яғни әр жұмысты кәсіпқой маман орындаған дұрыс деп ойлаймыз. Сонымен қатар, компания мамандарының сәулет-дизайнерлік білімі бар және жобалау кезеңінде тапсырыс берушілерге интерьердің түрлі дизайнерлік шешімдерін ұсына аламыз. Сол сияқты «FamilyVillage», «Авициенна» ТК көптеген үйлерінде кешенді қызмет көрсету аясында мамандарымызбен әзірленген интерьердегі жиһаздарымыз бар. Біз тек дизайнын әзірлеп ғана қоймай, сондай-ақ оны құрылыс-жөндеу құрылымдық бөлімшеміз арқылы іске асыруға көмек береміз. Айтпақшы, бұл компаниямыздың жаңа қызметі және көптеген клиенттерімізге бұл ой ұнады. Бұл бір терезеден қызметтер кешенін алуға мүмкіндік берді және өте ыңғайлы. Сонымен қатар, кешендік пайдалануда жиһазға тапсырыс беру кезінде айтарлықтай жеңілдіктерді қарастырады.
Осы тәжірибені біз В2В секторына да бірте-бірте ауыстырудамыз, өйткені көптеген корпоративтік клиенттерімізге кең қызмет көрсету спектілерінің бір жеткізушісімен жұмыс жасау ыңғайлы,дегенмен ол үшін біз толық жауапкершілікті атқарамыз. Елестетіп көріңізші, сіз кеңсе салып жатсыз немесе сатып алдыңыз, жобалау жұмыстарын, құрылысты жүргізу, жұмсақ жиһаз, кеңсе орындықтары мен жабдықтарын және т.б. сатып алу қажет, яғни сан алуан түрлі жеткізушілерді тарту қажеттілігі туындайды. Қазақстан нарығында шарттық міндеттемелерді орындауда жауапкершілікпен қарайтын компаниялар көп емес екені ешкімге құпия емес. Өзіміздің сенімді серіктестеріміз арқылы дизайнерлік жобаларды, құрастыру құжаттамасын жасауға көмек береміз, өнімдерді, техникалық сипаттаманы, сондай-ақ дилерлік бағаларын өз көзімен көре отырып, сіз үшін ыңғайлы альбом түрінде беріліп отыр. Бүгінгі таңда компанияның бағалық саясаты – орта деңгейінен сәл жоғары екенін жасырмаймын. Алайда, біз тапсырыс берушіні «сықпаймыз», керісінше ыңғайлы баға саясатымен дилерлік жеңілдіктер арқылы тұтынушымыз үшін қолайлы қызмет түрлерін ұсынамыз. Біз мынадай бір қызықты оқиғаны тап болдық, тапсырыс беруші Ай ғаламшарынан жер телімін сатып алуға көмек сұрады, кешке қарай біз оған бағалық саясатымыз бен осы бағыттағы жұмыс алгоритмізді баяндап бердік. Ол бұның барлығын әзілге айналдырып жіберді, алайда біз мәміле бойынша презентация әзірлеу үстінде болдық, менің қызметкерлерім арасында көздің қиығымен қарап, осы жұмысты үнсіз орындап жүрді.
3. Алдағы уақытта компания дамуының келешегі қандай? Жоспарларыңыз?
Ең алдымен, «Даму» КДҚ, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының қызметкерлеріне компанияның даму стратегиясын дұрыс арнаға бағыттауға өз уақытында көмек бергендері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Олардың көмегімен мен Германияның үздік кәсіпорындарында тәлімдемеден өтіп, қосымша тәжірибе жинақтадым, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарын орнаттым. Бұл компанияның алдағы 5-10 жылға даму жоспарына өзгерістер мен кейбір түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде біз ағаш өңдеу және жиһаз үшін білдектер мен жабдықтар өндіру бойынша 70 жылдық тарихы бар GriggioGroup итальяндық компаниясының Қазақстандағы ресми дилері болдық. BiesseGroup итальяндық компаниялар тобымен біздің кәсіпорын базасында өкілдік пен сервистік орталық ашу мәселесі бойынша басқа да әлемдік брендпен келіссөздер жүргізілуде.
Ол өз кезегінде, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын пайдалануы бізге итальяндық серіктестердің кәсіпорындарында мамандардың тәлімдемеден өтуіне және кәсіпорынның технологиялық паркін қолайлы бағаға жаңа жабдықтармен жаңғырту үрдісі өткізуді бастауға мүмкіндік берді. Дизайнерлер мен құрастырушылар үшін жаңа бағдарламалық өнімдері сатып алынды. Сондықтан, осы жаңғырту тәжірибесімен цех бойынша өз әріптестерімізбен бөліскіміз келеді. Баға саясатымыз бен мемлекеттік қолдау шараларының селбесуі жаңадан бастап келе жатқан жиһаз жасаушыға да жоғары сапалы білдектерін сатып алуға мүмкіндік береді. Яғни, біз Қазақстан және оның көршілерінің нарығына жетекші итальяндық әлемдік брендтерінің білдектерін жеткізу секторында дамудан бастауды болжап отырмыз.
4. Бүгінгі таңда сатып алушылар үшін нелер сұраныста? Жиһаздарыңыз сатып алушылардың қандай санатына бейімделген?
Компаниямыздың негізгі тапсырыс берушісі корпоративтік секторы болып табылатынын атап өткен болатынмын, оларға көбінесе кеңсе және үй-жайлар үшін жиһаз қажет. Компаниямыз Қазақстанның көптеген өңірлеріне жеткізулерді жүзеге асырды, ірі құрылыс нысандарына сериялық және жеке өндірісінің түрлі бағыттағы (корпустық, жұмсақ және т.б.) жиһаз өнімдерін қамтамасыз ету бойынша қызметінде тәжірибе бар. Сонымен қатар біз жеткізу қызметтерін көрсетумен қатар, қабылдау актісіне қол қойылған сәттен бастап 18 айдан 36 ай ішінде сервистік кепілдік және кепілдік мерзімнен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз. Біздің клиенттеріміз мекемелер мен ҚР әлеуетті құрылымдарының орталық аппараттары, министрліктер, «Самұрық-Қазына» Холдингінің кәсіпорындары және жеке сектор болып табылады.
Жеке тапсырыстар сегментінде тұтынушымыз нарықтың орташа және премиум секторы болып табылады. Құрылымдық бөлімшеміз тапсырыс берушіге кез келген талғамдағы жиһазды жасау жобасын әзірлейді және ұсынады. Өндіріс кезінде сенімді өндірушілер мен әлемдік брендтерінен жоғарғы сападағы материалдар пайдаланады.
Қазіргі уақытта, «Акжан – LITE» брендімен, басқа да сегменттердегідей жоғары сапалы үнемді жиһаз нарығына шығу туралы мәселесі қарастырылып жатыр. Мысалы үшін бізден осы бағдарлама бойынша бір данаға 680 теңгеге орындықтарын немесе 3000 теңгеден жоғары асүй үстелдерін сатып алуға болады. Осындай төмен бағалардың құпиясы қарапайым, жаңа бағдарламалық өнімдерді енгізу бұйымдарды құрастыру және пішу кезеңінде сатып алынған материалды тиімді пайдалануға және қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруғамүмкіндік береді. Материалды көтерме бағамен сатып алу үшін жеңілдіктер есебінен соңғы тұтынушы үшін бөлшектеп сату бағасы айтарлықтай төмендейді.
5. Қазақстанда жиһаз нарығына бәсекелікті қалай бағалайсыз?
Қазақстанның жиһаз өндірушілер нарығы онша үлкен де емес – толық құнды жиһаз өндірісі жөнінде сөз қозғалуда. Соған байланысты, біз өндірілетін өнім сапасын арттыра отырып, өнім түрлерін кеңейтумен және жаңа технологияларды енгізумен импортпен бәсекеге қабілетті жиһазын жасауға тырысамыз.
Бүгінгі таңда арамен және шеге бұрағышпен жұмыс жасай алатын әр ер адам кез келген жиһазды жасай алады. Дарындылар да барын жасырмаймын, алайда олар тым аз.
Біз күн астында орын барлығына бар деген саясатты ұстанамыз. Сондықтан технологиялық мүмкіндіктері бойынша жобаларымызға тек нақты отандық өндірушілерін тартуға тырысамыз, бұл бизнес бойынша серіктестер таңдаудағы компания философиясының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, тапсырыс берушіге және цех бойынша әріптестерімізге деген әділдікті арттыру саясатына қарамастан, жақында біз бір ӨТЕ ІРІ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫМЕН құрылыстың ӨТЕ МАҢЫЗДЫ НЫСАНЫН жиһазбен қамтамасыз ету бойынша үш айдан артық істескен жұмыс қарым-қатынасымызды бұзуға тура келді. Құрастырушылар мен дизайнерлер ұжымының күш-жігерлері, түнсіз ұйқылар, тапсырыс берушінің қоңырауы бойынша жүгіріс, жобаның соңғы бетін басып беруге шаршаған принтерді көндірудегі әбігерлік әрекеттеріміз – бұның барлығы қазір қоқыс себетінде. Жер Орта теңізі, Балтика жағалауларынан бастап Алыс Шығыс, Ресейге дейін жеткізушілермен сапалы материалдарды жеткізуге ұзақ және жан-жақты келіссөздерді айтпағанда.
Ал себебі дөрекелеу, тапсырыс беруші басшыларының бірінің айтқанындай – бізге адекваттық баға ұсыныңыз. «Сіздердің суреттеріңізді мен ғаламтордан жарты сағатта жүктеп аламын, сөйлем құрастыруда ешбір қиындығы жоқ». Егер тапсырыс берушінің қызметкерлері жиһаздың техникалық сипаттамаларынан бастап оларды орнықтыру орындарына дейін біздің көптеген сұрақтарымызға жағымды жауап бергенде біз осы ескертуді аділ деп санар едік. Бізге жоғары көрсетілген сұрақтарға жауап іздеу үшін жобалық құжаттамасының жүздеген беттерін жазбауға да болатын еді. Бұл айтарлықтай уақытымызды, күш-жігерімізді бөлек құрылымдық шешімдерді қабылдауға және тағы басқаларды орындауға алды. Жарайды, тапсырыс беруші жоба бойынша бар жеңілдіктердің шарттары туралы ұсынымызды тым болмаса біроқығанда, мұндай жағдай туындамас емес. Тапсырыстар портфолиосында ӨТЕ МАҢЫЗДЫ НЫСАННЫҢ болуы болашақта жұмысымыз үшін еш кедергі жасамайтыны ешкімге құпия емес, біз кез келген жеңілдіктерге келіскен болатын едік.
Мерзімдердің тығыздығына және басқа жеткізушілердің болмау себептерімен сол қызметкерлермен бізге кепіл берген келісім-шарт жасасуға күту кезінде, өкінішке орай, біз «теңіздің арғы жағындағы тапсырыс берушісінің» осы бағыт бойынша«теңіздің арғы жағындағы жеткізушілерін» артық көргенін білдік.
Компания ұжымы түсінігі бар қызметкерлермен жинақталған – қажет болса, бастаймыз деп сол түнсіз ұйқылар, сағаттар бойы жұмыс істеген принтерлердің әлсіреуі – барлығы сол бастамада секілді.
Ал нәтижесі – үш мәртеден тауып көріңіз – «...рахмет, бізде өзіміздің қайдан пайда болған белгісіз «тұрақты жеткізушіміз» бар, ол төмен баға ұсынды». Перделер жабылды. Бұл жерде пікірлер тым артық. Сонымен қатар, «тұрақты жеткізуші» өз сұранысын жасауға еңбектенген де жоқ, ал жай ғана біздің бланкімізден сауда белгісін алып тастап, мәселе бағасын өзгертті және жиһаздардың кодын, сұранысты рәсімдеу үлгісін ауыстырмай-ақ, өз ұсынысын жасады. Көптеген жобаларымызға қолдау көрсетіп жүрген заңгерлеріміз түсіндіргендей, жанама түрде «тұрақты жеткізуші» Кәсіпкерлік кодексінің 177, 179, 180 баптарын бұзды.
Міне, осындай бәсекелестік, аталған көріністердің себептері тым көп – бұл тапсырыс берушінің кез келген жолмен сатып алатын бағаны төмендетуге тырысуы, «ағалар», сатып алулар бойынша жеке құрылыс ұйымдарының корпоративтік нақты ойын ережелерінің болмауы және тағы басқалар.
Оқырмандарға үндеу сала отырып, компаниямыз ашық және баға саясатына, материал таңдауға және тағы басқаларғақатысты, тек бизнесті жүргізудегі адал емес жолдарын қоспағанда, өзара тиімді келіссөздерге әрдайым дайын екеніне олардың назарын аударғым келіп отыр. Оның нәтижесінде, тапсырыс берушіге біздің берген СӨЗІМІЗ және оны орындау болашақта бірлескен табысты ынтымақтастықтың жалғасына себеп бола алады.
6. Сатып алушыларыңызды қандай жаңалықтармен қуанта аласыз?
Ол әлі құпия болып қалсын, алайда оқырмандарымыз үшін құпиямызды сәл ғана ашайын. Италиядағы әріптесімізбен «Еуропалық сападағы ұлттық ерекшелік» ұранымен жиһаздар желісін әзірлеу мәселесін қарастырудамыз. Осыдан не шығатынын көреміз.
7. Қуат пен шабытты қайдан аласыздар?
Сенім. Өзіне және адамдарға деген сенім. Тағы, әрине, отбасым және достарым! Әскерде өзіме деген сенімді артуға үйрендім. Оның алдындағы басылымдарда атап өткендей, Конфуций былай деген екен: «Қараңғылықта қайғырудан гөрі тек бір ғана шам жақ, сағанда және жақындарына да жарық болады». Біздің бизнесіміз әскери борышын өтеуден кейін елінің, отбасы мен жақындарының игілігіне өз күшін және тәжірибесін жұмсағысы келетіндер үшін сол бір жарық көзі болып табылады. Өйткені компаниямыздың негізін зейнеткерліктегі немесе запастағы офицерлер мен әскери қызметкерлері құрайды, ал бұл өте қымбат!
8. Жұмысыңызда нені артық ұнатасыз?
Жаңа адамдармен, жаңа жобалармен кездесу. Көруге болатын жаңаның барлығы.
Өйткені мемлекет ҚР Қарулы күштерінен жұмыстан кеткен соң мені және отбасымды қамтамасыз етті – ол зейнетақым мен үйім. Үйде диванда жатуға да болар еді, өз ғұмырымның соңына дейін жобаны аяқтау кезіндегі әріптестерімнің қуанышты жүздерін көрмей-ақ, тапсырыс берушілердің жаңа жиһаздарымен өз жаңа үйлеріне кіргендегі қанағаттануын және тағы басқа әр күннің бергенін көрмей-ақ өтер едім.
9. Компанияңыздың ұраны бар ма?
Иә – «Теңдесі жоқ команда!». Ол компания философиясынан туындады. Біз басқа компаниялардың ойынша, көптеген сенімсіз жобаларға кірісеміз, алайда тек табыс табудан ғана емес, осы жағдайдан шығу бойынша мәселелердің егжей-тегжей талдауын жасау үшін. Содан кейін біз тапсырыс берушіге жан-жақты есептермен және жұмыс алгоритмімен ұсыныс жасаймыз. Мұнда кез келген іс-шараны орындау үшін жан-жақты жоспар әзірлеудегі әскери қызметімнің тәжірибесі де білінеді. Командама рахмет, әзірше Тәңіріміз сәтсіздіктен бізді қорғады.
10. Қосымша айтарыңыз бар ма?
Тапсырыс берушілерімізге, серіктестерімізге бастамаларына табыс, ашық аспан және махаббат тілегім келедіJ!